Қу таксистер «клиент» үшін не істемейді? Жолаушы алу, түсіру үшін автобусқа арналған арнайы жолаққа шыға береді. Мұны «Сергек» бейнебақылау жүйесі байқаған екен.
Шындығында таксистерге Bus Lane жолымен жүруге болады. Бірақ ол үшін таксист ресми тіркеуде тұруы керек.
https://kaz.365info.kz/k-jeui-taksist-bolmasyn-247006
Енді заңды таксилердің нөмірлері «Сергектің» дерек базасына енгізіледі екен. Олар автобус жолымен жүрген жағдайда, айыппұл салынбайды. Бұл туралы Астананың сайты хабарлады.
Енді «жабайы» таксистердің күні қараң болмақ. Олар автобус жолағына шыққан жағдайда айыппұлмен жазаланады.
Айтпақшы, астаналық көлік қауымдастығының төрағасы Медет Құрмановтың айтуынша, ресми тіркеуге тұру түк қиын емес көрінеді. Ол үшін тек көлігіңіздің жасы 7 жылдан аспауы керек және ол міндетті түрде ақ түсті болуы тиіс екен.
https://kaz.365info.kz/taksist-bolu-degen-osy-bauyrym-259971