Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-1
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Алғашқы дебютім”. Димаш АҚШ-та киноға түсіп жатыр (фото)

155

Оны «Бизнес по-казахски в Америке» киносына түсуге шақырған фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев болатын. Нұрлан Қоянбаев Инстаграмдағы жеке парақшасына ұсынысты бірден қабыл алған Димаш Ниязовтың Лос-Анджелестегі «Бизнес по-казахски в Америке» киносының түсіріліміне кірісіп кеткенін жазды.

Димаш Ниязов былтыр есірткі саудасын жолға қойған өте атақты қылмыскерді қолға түсіріп, басшыларының алғысын алған. Қаржылай сыйақы алып, қызметі жоғарылаған отандасымыз Нью-Йорк штатының ең үлгілі полицейі атағын иеленген болатын. Димаш қазір отбасымен Нью-Йорк штатына қарасты Бруклин қаласында тұрады.

Айта кетейік, фильм осы жылдың соңына қарай еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарлануда. Нұрлан Қоянбаевтың продюсерлік етуімен бұған дейін «Бизнес по-казахски» комедиясы жарық көрген болатын. Онда отандық актерлермен бірге үнді актері, «Келін» телехикаясының жұлдызы Сиддхартх Шукла да басты рөлдердің бірінде ойнаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз