10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 1 794 132 адам келді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.
«24-30 шілде күні ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 309 832 адам, яғни орташа есеппен күніне 44 261 адам келді. Еске сала кетсек, көрме жұмысының алғашқы аптасында күніне 23 мың адам келген еді», – деп жазды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. Осылайша, 10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта Көрме келушілерінің саны 1 794 132 адамды құрады.
1. Нұр Әлем
2. Коммерциялық павильондар
3. Шелл балалар зертханасы
4. Балалар паркі
5. Тақырыптық С3.5 павильоны
6. Дю Солей циркі
7. Амфитеатр
8. Тақырыптық С 2.4 павильоны
9. Шығармашылық энергия аймағы
10. АРТ-орталық
Келушілер ең көп тамашалаған павильондар:
1. Африка плазасы
2. Үндістан
3. Египет
4. Түркия
5. Ресей
6. Таиланд
7. Жапония
8. Өзбекстан
9. Әзербайжан
10. Сауд Арабиясы Корольдігі.
Дереккөз: ҚазАқпарат