Астана қаласында жол жөндеуге байланысты бірнеше көшеде жол қозғалысына уақытша тыйым салынады.
Бұл туралы Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап, елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Атап айтқанда 9-31 шілде аралығында Б.Бейсекбаев көшесі, Тарxан көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі жолдар жабылады.
10-30 шілде аралығында Ақбидай көшесі, К.Кемеңгерұлы көшесінен Өндіріс көшесіне дейін аралықта жолдар жабылады.
Сондай-ақ 10-30 шілде аралығында Оқжетпес көшесі, К.Байсейітова көшесінен Ш.Бейсеков көшесіне дейін жол жабылады.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.