Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль “Канело ” Альварес 16 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
“Жекпе-жек 12 рауындқа созылмайды-ау. Ол жекпе-жектің аяғына дейін шыдамайтынына кепіл беремін. Кездесу нокаутпен аяқталады. Мен Голвкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін”, – дейді Альварес TMZ.com басылымына берген сұхбатында.
Сонымен бірге, “Канело” қазақстандық боксшының мексикалық стилі барын айтқан. Оның пікірінше, бұл олардың жекпе-жегі үшін ұтымды жайт. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жекте Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO атақтарын қорғайтын болады. Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин-Альварес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасады. Алайда мексикалық бұл ұйымның белбеуіне таласы жоғын осының алдында айтқан.
Дереккөз: Vesti.kz