Ораза кезінде де күлкілі жағдайлар болып жатады, ə? Құдай кешірсін…
Ана жылы редакцияда бір ағамыз ауыз бекітті. Түнде сəресіге тұратын, ұйқысы шала ағамыз түстіктің кезінде кабинетте орындықтарды қосып жіберіп, сəл мызғып алуды əдетке айналдырды.
Қасында бір əдемі қыз отыратын. Артық сөзі жоқ, тəрбиелі бала. Əні-міне, күйеуге шығады дейтін ұзынқұлақ ( шынында да көпке ұзаған жоқ). Сол қызымыз түсте телефонмен ғашығымен сөйлеседі. Сыбырласып, əрине. Арғы жақта жігіт үздігеді. “Айта алмаймын…” дейді қыз бұл жаққа ұрлана көз тастап қойып ( Сірə, “Сүйем” деп айт…” деп жатса керек). “Неге?”.
-Қасымда ағай жатыр, – дейтін көрінеді.
Қазіргідей ұялы телефонның түр-түрі, жылдам хат алысатын ватсап, мессенджерлердің жоқ кезі ғой. Біраз күліп жүрдік. Құдай кешірсін…
Бауыржан Бабажанулы
Фейсбуктегі парақшасынан