Ұлттық банк доллардың қымбаттап, теңгенің неге арзандап жатқанын түсіндірді.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сөйтсе, доллардың қымбаттауына халықаралық нарықта мұнай бағасының төмендеуі әсер еткен. Ал мұнай бағасының арзандауына қара алтынның көптеп өндіріле бастауы ықпал жасапты.
«Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы ұзақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады», – деп атап өтті Әлия Молдабекова.
Демек, бүгін-ертең мұнайдың құлдыраған бағасы басын көтеруі екіталай.
https://kaz.365info.kz/bir-apta-ishinde-dollar-20-tengege-khymbattady-268114
Міне, мұнай бағасындағы осындай елеулі өзгеріс Қазақстан теңгесінің айырбас бағамына да әсер етуде. Алайда Қазақстанның ғана емес, экономикасы ұқсас елдердің де ұлттық валютасы әлсіреп жатқанын баса айта кетелік.
Бүгін Алматыдағы ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ доллары 327 теңгеден сатып алынып, 328-330 теңгеден сатылып жатыр.
Өткен жұмадан бастап, теңге 3 процент, Ресей рублі 4 процент, Канада доллары 0,6 процент, Бразилия реалы 1,1 процент, Норвегия кронасы 1,4 процент құнсызданыпты.