Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

“Айнұр, ұялмайсыз ба?” Танымал ақын желідегі жұрттың сынына жауап берді

145

Жалпы құлшылықтың  бұл түрін жария ету қаншалықты дұрыс? Бұған шариғат не дейді?

Әлеуметтік желідегі мылтықсыз майдан ораза кезінде тіпті өршіп кетті. Бірі мақтанады, бірі даттайды, ортада сауға сұрап, арағайын болатындар тағы бар.

https://kaz.365info.kz/erkekter-energiyany-tek-ajelden-alady-ajnyr-tyrsynbaeva-ne-dep-ketti-248560

«Қазіргі біздің қоғам ашық-шашық қоғам, иә? Ал жаңағыдай имани сурет болса, «ұялмайсыздар ма көрсетіп, ел деген жете алмай отыр деп» керісінше сондай негатив болып қалады. Мен ойлаймын, өнер адамдары, сахнада жүргендер тұлға болып қалды ғой. Тұлға деп қарайтын болды ел. Еліктейтін қаншама жастар бар. Мына кісі ораза ұстапты, біз де ұстайық, бұл кісі ауызашар берейін деп жатыр екен, біз де берейік деген сияқты үлгі, насихат ретінде жақсы нәрсені жариялаған дұрыс деп ойлаймын өз басым», – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

https://www.instagram.com/p/BVNspJWAsWX/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/BVPuSSmA0iM/?taken-by=aidyn_nury

Дәл осы айда әлеуметтік желіні ашсаңыз, жұлдыздардың ауызашардағы әдемі суреттері санаңызды сан-саққа жетелейді. Алайда желі қолданушыларының бір легі жұлдыздардың бұл әрекетін әдепсіздікке жатқызуда.

«Оразада 10 адам отырса, 10 рет сол суретті салып, «міне, біз осы жерде отырмыз» деген мақтанышпен өздеріне бір назарды, мақтауды керек еткендей, жарнамалап көп салады. Әсіресе, біздің өнер адамдары», – дейді Астана қаласының тұрғыны Сандуғаш Жұмабек.

Ал дін өкілдерінің айтуынша, кімде кім ораза тұтқанын жариялап мақтанатын болса, ешқандай сауап алмайды екен.

Алла Тағала айтады екен: «Пенде қандай да бір құлшылық жасаса, ол құлшылық амалы өзі үшін оразадан басқасы. Ал оразаны мен үшін тұтады, мен оның сауабын өзім беремін дейді. Сондықтан біз бір Алланың ризалышығы үшін ораза тұтамыз. Кімде-кім ораза тұтқанын жариялап, өзін көрсетіп, мен ораза тұтып жүрмін деп айтып, сонысымен мақтанатын болса, риякерлік ететін болса, оның оразасынан ешқандай пайда жоқ», – дейді «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы.

https://kaz.365info.kz/ajn-r-t-rsynbaeva-to-al-alu-a-shoshyp-araudy-azheti-zho-242786

Алайда Айнұр Тұрсынбаеваның да айтары бар. Тырнақ астынан кір іздеген желі қолданушыларын соңымнан ертіп, үлгі бола алсам мақтанамын дейді ақын.

«Мен мақтанамын шындығында да. Тамақ жасап жатсам, одан қазақтың қыздары үйреніп жатса, оған мақтанамын. Әлеуметтік желі арқылы ауызашарға мысал үшін жеңіл сорпа дайындадым деп жазамын, иә? Оны көріп, өзіме жекеге мыңдап жазады», – дейді ол.

«Ал егер ол суретке түсіп, әлеуметтік желіге салғандағы мақсат осы жерде істелініп жатқан қайырымды, өнегелі, игі істі басқаларға да насихаттап, игі іске шақыру болатын болса, онда ол нұр үстіне нұр болады», – дейді имам Әділхан Иманәліұлы.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз