Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қайрат Әбдірахманов Катарға байланысты елдің ұстанымын айтты

Еске салайық, дүйсенбіде Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдері Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін мәлімдеген болатын. Олар Доханы БАҚ-ты арандатушылық мақсатта қолданып, лаңкестік іс-әрекетті қолдауын тоқтатпады деп айыптады. Ал кейін Ливияның шығыс бөлігіндегі билік, Мальдив аралдары және Маврикий де Катармен байланысын үзгенін жариялаған еді. Катар мен араб елдері арасында жанжал Эр-Риядта өткен Парсы шығанағы елдері мен АҚШ саммиті кезінде катарлық агенттік әмір атынан Иранмен байланысты жақсарту туралы мәлімдеме жариялағанда туындады. Ал саммит кезінде Катар жиналған барлық елдің атынан Иранды жаугершілігі үшін айыптап, қарсы жауап болатындығын мәлімдеген еді. Кейін Катардың сыртқы істер министрінің ресми өкілі агенттік сайты бұзылғанын және әмір атынан айтылған сөзді хакерлер орналастырғанын хабарлаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз