ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі болып Рахмет Желдібайұлы Мұқашев тағайындалды.
Рахмет Желдібайұлы Мұқашев 1956 жылы туған. Жоғары құқықтық білімі және заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Әр жылдары ҚР ІІМ кеңесшісі, ҚР Әділет министрінің бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Сенат депутаттары Мұқашевтің кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Конституциялық Кеңес төрағасының ұсынысы қаралып, Конституциялық Кеңестің мүшесі Ұбайдолла Стамқұловтың өкілеттігін 2017 жылғы 26-мамырдан бастап тоқтату ұсынылды.