Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Айтсаң, бәлеге қаласың”. Қазақтар Меркельден қандай үлгі алуы керек?

111

Түзелген қате қате емес – сабақ. Қазақ тілі керек, ағылшын тілі – жеке пән ретінде керек. Оған орыс тілінің біраз сағаттарын беріп қойса, тіпті, жақсы. Орыс тілін онсызда жақсы білеміз.

Барлық ақпарат, теледидар орысша сайрайды. Алматының қазағы өзара орысша сөйлейді. Айтсаң – бәлеге қаласың, орысқа қазақша білу керектігі туралы айтсаң, жанжалдаса жөнеледі. Қазақ мектебі латыншаға ауыспаса, қазақ ата-анасы мен баласы қазақ мектебін таңдауы келесі төрт – бес жылда 91 пайыздан 95 пайызға көтеріледі. Фейсбук аман болса қазақ тілі жеңе беретін сияқты.

Қалған қазақтың 5 пайызы олар дүбәрә қазақтар. Орыспен аралас отбасылардың туындысы.

Сонымен бірге, қазаққа қарақалпақ, ұйғыр мен өзбек ағайын қосылып жатыр. Иә, межелеген 95 пайыз жақын. Билік тағы бір эксперимент ойлап шығармаса. Бізге керегі – қазақ тіліне негізделген саяси ұлт қалыптасады. Ұлт теңдігі барда шыққан тегің маңызсыз. Әр адам өз отбасының қамымен өз-өзін асырайды. Қазақша сөйлесең болды. Күнделікті тіршілікте тегіңді сұрайтын құдандаласу керек емес. Қазақ министрден қазақшаны талап ету оп оңай – позитивтік дискриминация саясаты – жақсы амал.

Қазақша сөйлемейтін қазақ министрдің орнына қазақша сөйлейтін орыс, украин, неміс ұлтынан министр қызметіне қойса болды.

Бұл саясаттың аты позитивтік дискриминация деп аталады.

Екінші

Екінші маңызды принцип – нормативтік ұлтшылдық. Адам және ұлт құқығын таптамай-ақ нормативті ұлтшылдық принциптерін орнату.

Францияда шенеуніктер француз тілінен басқа тілді пайдаланбайды – рұқсат жоқ.

Германияда Меркель ханымнан саны көбейген түрік ұлты өкілдері төл мектеп сұрағанда: “Мектеп берілмейді!  Тұратын болсаңдар, интеграцияланыңдар” деді.

Ресейде орыс тілін білмесең, азаматтық та, қара жұмыста саған жоқ. Эстония, Латвия орыстардың көшіп келгенін қалайды. Себебі олар үй сатып алады, ақ жұмыс пен қара жұмысты істейді. Сол үшін оларға,тіл мен заңдарды, Конституцияны білсе, азаматтық береді.

Эстондықтар азая келе бір миллионға толмайтын санға жетті. Орыстар олардың өтпей жатқан қыздарын, тозған генофондын, тумай жатқан немерелерін, өспей жатқан ұлтын өсірмек. Бізде де туу төмендеп келеді.

Енді шет елдік қазақтар келмесе, өсім сарқылады. Елімізді қазаққа толтырмасақ, азиялық ұлттар шақырмасаң да қаптап келмек. Демография мен миграциялар үрдістер бағыты мен заңы: халқы өз еліне симаған елдерден кең байтақ елдерге қоныс іздеп тарайды.

Менің…

 

Бангладештік, пәкістандық, индиялық достарым көшуге қолайлы мемлекет іздеуде екен. Қазақстан тұрмысқа қолайлы мемлекет екенін біледі.

“Сендердің елдерің жақсы, халықтың мінезі жуас, сендерде тұруға болады”, – дейді маған.

“Мен сендерге көмектесе алмаймын, бізде ол қылмыстық іске әкеледі”, – деймін.

Украинада бірнеше маңызды мемлекеттік лауазым қызмет еврей тектілерде, украин мүддесі мен тілі үшін жағыңды опыратын ұлтшылдар да сол тектестер.

Украинаның сыртқы Істер министрі Климкиннің тегі орыс, бірақ ол орысша білсе де сөйлемейді – тек украинша не ағылшынша ғана тіл қатады.

Ресей теледидары Украинада жабылды, енді сайттар мен газеттер ғайып болмақ. Украина православие шіркеуі Ресейдің сөзін сөйлейтін, енді Украина басшылығы олардың да істерін доғармақ!

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз