Әлеуметтік желіде Астанада жолын кескен көлікті тоқтатып, ішінен шыққан егде жастағы жүргізушіні зіңгіттей жігіттің сабап тастағанын түсірген видео тарап жатыр.
Видео әлеуметтік желіні қолданушылардың ашу-ызасын туғызып, „Әке-шеше тәрбиесін көрмеген, айуан„ деген мағынадағы сыни пікірлер бұрқырап түсуде.
Елордалық ішкі істер департаменті болған оқиғаның мән-жайын анықтап та үлгеріпті.
Ұсталған азаматтың түсіндіруінше,
жолда ашуға бой алдырып, өз-өзіне ие бола алмай қалыпты.
Астана ішкі істер департаменті жәбірленушінің полицияға жүгінуін сұрайды.