Францияда президент сайлауының ІІ-турында «Алға» қозғалысының жетекшісі Эммануэль Макрон бақталасынан басым түсіп, жеңіске жетті.
Бұл туралы жергілікті басылым – Franceinfo хабарлады.
Сайлаудың ІІ-турының қорытындысы бойынша, Макрон 65,5 процент, Ле Пен – 34,5 процент дауыс жинаған.
«Ұлттық майдан» партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен Макронға қоңырау шалып жеңісімен құттықтап та үлгеріпті.