Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Солтүстік Корея Қытайды екіжүзді сатқын деп айыптады

Аталған айыптау сөзінде: «Қытай жақ Солтүстік Корея мен Қытай қарым-қатынасына сызат салатын мұндай екі жүзді саясатының ауыр зардап тудыратынын алдын ала ойластыруы керек», – делінген.

Естеріңізде болса, АҚШ үкіметінің бастамасымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Нью-Йоркте өткен мәжілісінде Солтүстік Кореяға қарата барлық елдердің қысым жасауы туралы сөз болған еді. Ал, бұл реткі айыптау ҚХДР-ның Қытайға ғана емес АҚШ, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына жасағалы отырған қысымына алдын ала ескертуі болып саналады. Солтүстік Корея үкіметінің жасаған айыптауында көрсетілуінше, егер Корея ядролық бағдарламасын тоқтатпаса, онда Қытай жағы бірінші болып Солтүстік Кореяға әскери соғыс қозғамақ екен. Немесе қырғи-қабақтық қатынас орнап, саяси одақтас әрі жақын көрші екі ел арасындағы қарым-қатынас біржолата тоқырайды делінген. АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасынан бас тартуына бірден-бір ділгір болып отырған ел. Оның Азияның шығысындағы жасаған әскери әрекеттері әзірдің өзінде өңірдің қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіріп тұр. Өзіне қарсы айыптаулардың үдеп кетпесі үшін жақында АҚШ үкіметі хабарлама жариялап, өздерінің Азиядағы әскери әрекетінің Қытайға арналмағанын қайталай ескертті. Мұнысы Солтүстік Кореяға қарсы Қытайды өзіне одақтас ретінде тартқандағысы. Корей түбегі ісі ушығып, АҚШ, Корея, Жапония қатарлы елдер тікелей Солтүстік Кореяны жақтаушы елдердің бәріне қысым көрсетіп, немесе әскери күшке пәрмен беретін болса, Қытайдың Солтүстік Кореяны жақтамайтыны о бастан белгілі болды. Қытай мүддесіне саятын жерде Бейжің кімді де болса құрбандыққа шалуға дайын.

Бұл  “The Wall Street Journal” басылымының білдірген көзқарасы.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз