Әділет министрі Марат Бекетаев бір жыл ішінде қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
“Қазақ тілін жетілдіру үшін сабақ алып жүрсіз бе? Қазақ тілінде қашан бізге толық жауап бересіз?” деген журналистердің сұрағына министр:
“Қазақ тілінде бір жылдың ішінде толық жауап беремін. Қазір аптасына үш рет сабақ аламын.
Мен қазақша сөйлеп, өзімді жақсы сезініп жүрмін. Өйткені мен ауылға барған кезде қазақша сөйлеймін, туыстарыммен қазақша сөйлесемін.
Маған жақсы болды”, — деп жауап берді Бекетаев.
https://kaz.365info.kz/kazaksha-ujrenem-bishimbaevty-ornyna-kelgen-ministr-memlekettik-tilden-ma-rym-eken-245984
Айта кетсек, бұған дейін қаңтар айының ортасында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов алты айдың ішінде қазақ тілін үйреніп алуға уәде берген еді. Ол Мәскеуде қызмет еткен бес жылда қазақ тiлiн ұмытыңқырап қалған. 2016 жылы желтоқсанда министр болып тағайындалған Сүлейменов 2012 жылдан Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөнiндегi алқа мүшесi (министр) қызметiн атқарған болатын.