29 сәуірде кешкі уақытта Лондондағы Уэмбли стадионында жылдың ең маңызды жекпе-жектерінің бірі өтті. Аса ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы 27 жастағы ұлыбританиялық Энтони Джошуа экс-чемпион, осы дивизионның көп жыл бойғы чемпионы 41 жастағы украиналық Владимир Кличкомен жұдырықтасты.
Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлады.
Осыдан кейінгі раундтарда боксшылар жақыннан жұдырықтаса бастады. 11-ші раундта ұлыбританиялық украиналықты екі рет нокдаунға түсіріп, кейін соққыны үдете бастаған. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркелгенін көрсетті. Осылайша Джошуа 19 жекпе-жегінде 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Ол белбеуін қорғап, бос тұрған WBA Super титулын жеңіп алды. Владимир Кличко болса кәсіпқой бокстағы бесінші жеңілісіне ұшырап отыр.
https://www.youtube.com/watch?v=I00eO_wQKz8