Алматы қаласындағы №2 Медеу аудандық сотында танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты кезекті сот процесі өтті. Сот барысында қорғаушылардың дәлелдері тыңдалып, сотқа құжат түрінде ұсынылды.
Айыпталушы Тұңғышбай Жаманқұлов экономикалық сараптаманы қайтадан өткізу туралы өтініш білдірді.
Бұл туралы Qasym.kz хабарлайды.
«Сіздер фильмге қатысты жұмыстардың толық жүргізілгенін көрдіңіздер. Мұны дәлелдейтін қаржылық құжаттардың бәрі бар. Алайда айыптаушы тарап бізге келтірілген шығынның нақты көлемін көрсетпей отыр.
Өткен аудит пен сараптаманың қорытындысы даулы. Фильм түсіріліміне дайындық барысында жұмсалған қаржының есебі жоқ.
Сондықтан ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалық орталығының жаңа экономикалық сараптамасын тағайындау туралы өтініш беремін, – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.