Қазан төңкерісінің 100 жылдығына орай коммунистер Қызыл алаңдағы көсем денесін Қазақстанға алдыртып алсақ жақсы болар еді деп шұрқырасып отыр.
Лениннің денесін Қазақстанға әкеп алғысы келетінін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықтық коммунистер фракциясының өкілі Владислав Косарев Informburo.kz-ге берген сұқбатында мәлім етті.
“Біз бұл мәселені ауық-ауық көтеріп тұрамыз. Бұл әбден мүмкін нәрсе. Қазақстанға Лениннің денесін алып келуге болар еді, бірақ біздің күшіміз әлсіз, ол түгілі біз билікке қоқысқа кеткен ескерткіштерді қайта орнаттыра алмай отырмыз” – дейді Косарьев.
Қалай дегенмен де ол ресейлік әріптестерінің Ленин денесін жер қойнына тапсыртпауға әлі жетер деген ойда.
“Капиталистік әлемнің Ленинге деген өшпенділігі жойылмай келеді. Біздің қоғамды жаңартып, оны капитализмге айналдырғысы келетіндер кеңес заманын еске түсіретін жер бетіндегі түгел нәрсені сыпырып тастауға бар. Бірақ бұл аптық та басылар.
Мен Ресейдегі коммунистерге күшімізді біріктірейік, сөйтіп осындай дүниелерге жол бермейік дегім келеді
“, – деді Косарев.