Төтенше жағдайдың құлағын ұстап, оншақты жыл министр болған Владимир Божконың ұйқысы тынышталыпты.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Министрліктен мәжіліске өткелі Божкоға апатты жағдайды айтып, түнде хабарласатындар азайыпты.
Ұзақ жылдар бас құтқарушы болған, тәжірибелі Владимир Божконың айтуынша, биылғы тасқынға да табиғат кінәлі екен. Айтуынша, биыл қар көп түскендіктен әкім-қаралар қанша шапшаң жұмыс істесе де қызыл су ырық бермей қойыпты.
Вице-спикер, көктем тыныш өту үшін болашақта арнайы жоба әзірлеу керек дейді.