Астанада бір топ алаяқ коммерциялық кәсіпорындарды алдап, шаш етектен пайдаға кенеліп жүр.
„Тауарларыңызды жеткізіп береміз„ деп кәсіпкерлерге қызмет көрсеткен олар жүк көлігіне тиелген заттарды сол күйі ұрлап әкетіп, арзан бағаға сатады. Бұл туралы елорданың ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақстан Жаңалықтары хабарлады.
Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты интернет-алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.