Сәкендей өнерпаз болсын деген тілекпен, тыңдармандар Музарттық әншіге жиі ұсыныс білдіріп жатады. Ал, халықтың алғысына бөленген Майғазиев үшін бұдан артық мәртебе жоқ!
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
— Осы үлгі болсын деп, осы кішкентай балалардың тұсауын кестіріп жатса, еліктеп жатса мен қуанамын. Енді осы атқа лайықты болуы керек.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
— Сәкен Майғазиев тұсау кескеніне 1000 доллар алады екен деген қауесетті естіп маған хабарласады. Жооқ, құдай сақтасын. Егер Сәкенге ұқсасын деп біреу тұсау кестіріп тұрса, мен сыбайлас жемқорлықпен айналысып тұрсам — ол жараспайды ғой. Мен ананы берсең барамын, мынаны берсең бармаймын деген дүние жоқ. Бай-кедей, ақ-қара, ұзын-қысқа деген менде талап жоқ.
Ал, баланың тұсауын кесу рәсіміндегі «ставка» ұғымы қалай қалыптасқан?!
Алтынай Жорабаева, әнші:
— «Ставка» дегенді дұрыс түсіну керек. Әркім өзін бағасын біледі иә, мысалға. Енді ол міндетті түрде тұсау кесуге барғаннан кейін әнін орындап береді, дұрыс па? Бәрібір өз бағаңды айтасың ғой. Сол сияқты дүние. Оны ерсі деп түсінбеу керек.
Нұрлан Еспанов, әнші:
— Құр қолға бата жүрмейді дейді ғой, бір шетінен. Бірақ, енді ол қомақты ақша береді деп, мен айта алмаймын енді. Сол кішкене көйлегіңізді киіп алыңыз, жалпы мынау шапаныңыз деп беріп жататындар болады.
Ал, ұлттық салт-дәстүрді бизнеске айналдырып, қалтасын қалыңдатып жүргендерге, қара баланың айтары бар.
«Бата қымбатырақ болады негізі, ақшаға қарағанда. Негізі түсінген адамға…» – дейді Нұржан Керменбаев.