Шымкент қаласындағы жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекованың бұрынғы жүргізушісі еліміздің ҰҚК-нен араша сұрайды.
Өзін Əлішер Тұрсынқұлов деп таныстырған азамат, YouTube арқылы бар шындығын жайып салды.
16 жылдан бері Құрманбекованың жүргізушісі болдым деген азамат дәрігер, ірі депутат ханым кадрлық бизнесті жолға қойған, дейді.
Пара алып, жұмысқа алумен айналысқан бастығына ақшаны өзі тасыпты.
Алайда Гүлнар Құрманбекованың өзі желіні жарған бұл жазбадан хабардар болып шықты. Өзіне тағылған айыпты жалған дейді. Қылмысты жасаған экс-жүргізушісінің өзі дейді. Ол енді жүргізушімен соттасуға білік сыбана кіріспек.
Полиция ақпаратына сүйенсек, Əлішер Тұрсыновтың үстінен 2 азаматтан шағым түскен. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ал шағымданған азамат өзі және отбасының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтады. ҰҚК қорғай алмаған жағдайда Елбасынан көмек сұрамақ.