Алматы облысында бір табын сиырдың улануы туралы қылмыстық іс қозғалды.
Бұл іске қатысты ауылдағы 52 жастағы келіншекке күдік келтірілген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
7 сәуір күні Панфилов ауданы полицейлеріне Қоңырөлең ауылы тұрғыны хабарласып, малдың жаппай қырылғандығы туралы жеткізді. Ауыл тұрғыны арызында көрсеткендей, екі апта ішінде белгісіз себептерден 12 сиыры өлген. Ірі қара малының жаппай қырылуына ер адам туысқан әйелді айыптады.
Ауыл тұрғыны материалдық шығынын 2,5 миллион теңге шамасында деп есептеп отыр.