Димаш Құдайбергеннің «Singer2017» ән байқауының І-кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға, яғни 7,2 миллион теңгеге сатылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бастапқы бағасы 188 юаньнан, яғни 8 500 теңгеден басталған киімді сатып алуға 19 640 адам қатысып, 32 адам бағаны көтерген. Ең соңында Димаш киген кәстөм-шалбар 158 890 юаньға сатылып, жеңімпазға Iphone 6S телефоны сыйға тартылған.
Mpaimai.jd.com сайтының хабарлауынша, киімді Димаш 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасы кезінде аталмыш сайтқа тарту еткен. Ал сайт атақты әншінің киімін сатудан түскен қаражатты Қытайдағы балалар қорына аударып, көмекке зәру балаларға жұмсайды.