Алматыда 2011-2016 жылдар кезеңінде өз органының бөлігін ерікті түрде сыйлаған донорларды марапаттады.
Шараға донор мен реципиент ретінде бауыр ауыстырған 80-ге жуық адам қатысты деп хабарлады ҚазАқпарат. Олар «Бауырымды бауырыма сыйлаймын» медалімен марапатталды. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары әзірлеген медальмен адам өмірін ұзартуға өлшеусіз үлес қосқан жандар марапатталды.
қазір Қазақстанда 5 мыңнан астам науқас диализде екенін, оның 2,5 – мыңға жуығы бүйрек ауыстыруға мұқтаж
екенін айтты. Тағы 500-ге жуық адам бауыр ауыстыруға, 45-50-ге жуығы жүрек ауыстыруға мұқтаж. Сондай-ақ бауыр ауыстыру – жүргізіліп жатқан оталардың ішіндегі ең күрделісі екенін түсіндірді.
«Бауыр – қантүзу органы. Ота қан жоғалтпай, асқындырып алмай жасалуы қажет. Кейіннен оның денсаулық жағдайына кері әсері болмауы қажет. Тек 30 пайыз бауыр рецпиентте қалады, ол дене көлеміне жеткілікті болуы тиіс. Бауыр жетімсіздігімен проблемалар болмау үшін әр донорға 60-70-ке жуық зерттеу жүргізіледі», – деді маман.
«Жарақаттан 30 мыңға жуық адам қаза болады, оның 3 мыңы бауыр жарақатынан. Адамдар, команда жеткілікті жоғары деңгейде ота жасауға әзір. Мемлекет – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Қоғам бұның маңызды екенін түсінуі қажет», – деп қосты ол.