Ақмола облысында жуынды төгетін шұңқырдан кішкентай баланың денесі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
3 сәуірде сағат 22:06-да Целиноград АІІБ-на “Нұр-Есіл” ауылының учаскелік инспекторы хабарласып, 2011 жылы туған Марат Қырбанбектің септиктің суына тұншығып қалғанын хабарлаған.
“Алдын ала болжам бойынша, кішкентай бала септик маңында ойнап отырып, абайсызда шұңқырға құлап кеткен. Баланың денесі сот-медициналық сараптама жүргізуге жіберілді”, – дейді ІІД өкілі.
Осы іс бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ата-анасының баласына тәрбие беру бойынша міндеттерін орындамауы қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта әкімдіктің сәулет бөлімі осы септикке байланысты тексеру жүргізіп жатыр.