Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Қызғанғаннан айтады”. Елші Қытай елімен қорқытқысы келетіндер туралы айтты

Елшінің айтуынша, бүгінде Қытай Халық Республикасы ақпараттық теxнологиялар, өндіріс, ғарыш және тағы басқа салалар бойынша оқ бойы озық шығып, “Қытайда жасалған” дегенді қойып, “Қытайда дүниеге келген” деген деңгейге жетті. Сол себепті Америка сияқты державалар қипақтай бастады.

“Кезінде ондаған әлемдік держава Қытайға шабуыл жасап, Бейжіңге дейін жеткенде ешкім ештеңе айтпады.

Ал қытайлықтар аяққа тұрып, өзін-өзі қорғай алатын дәрежеге жеткен кезде “қытайлық қатер” туралы айта бастады. Ол дұрыс емес. Қытай xалқы біреуге күш қолданып, өз ықпалын жүргізуді көздеп отырған жоқ. Біз өзара әріптестік негізінде жұмыс жасауды қалаймыз”, – деп атап көрсетті елші.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Чжан Ханьxуэй Қытайдың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қытайда жыл сайын 13,1 миллион жаңа жұмыс орыны ашылып тұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз