Сәуір айының төртінші жұлдызында гонконгтік Sotheby’s бәссауда үйінде «Алқызыл Жұлдыз» аталатын гауһартас сатылымға шығарылады, – деп жазады massaget.kz.
«Алқызыл Жұлдыз» — табиғат жаратқан сұлулықтың бірегейі. Америкалық Геммологиялық институты (GIA) жанындағы зертхана мамандарының айтуынша, 59,60 караттан тұратын «Алқызыл Жұлдыз» – әлемде теңдесі жоқ құбылыс, мінсіз бағалы тас. 132,5 караттан тұратын кристаллды 1999 жылы Африкадан De Beers компаниясы өкілдері тапқан болатын. Тас екі жылдан астам уақыт бойы өңделіп, нағыз шедеврге айналды.
Сәуірлік бәссауданың топ-лоты саналатын гауһардың бастапқы құны — 60 миллион АҚШ доллары немесе 468 миллион гонконг доллары. Алайда, мұндай кереметке қол жеткізуге қаражатыңыз жетпесе де, табиғи мінсіз сұлулық қандай болатынын суреттен көріп алсаңыз да болады.