Оппозиционер Алексей Навальныйдың Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің байлығы туралы зерттеу фильмін YouTube’те 10 миллионнан астам адам көрді. Бұл – федералдық телеарналардың кейбір бағдарламаларының орташа аудиториясынан жоғары көрсеткіш.
Навальный басқаратын Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес қоры бұл фильмді 2 наурызда жариялады. Зерттеуде Медведевдің Ресейдегі және шетелдегі жылжымайтын мүліктері заңсыз жолмен алынған делінеді.
Зерттеу жарияланған соң Ресейдің ондаған қаласындағы белсенділер наразылық акциясын өткізуге өтініш тапсырды. Астаналық әкімдік шеру өткізуге рұқсат бермеді. Нижний Новгород әкімшілігі әуелі митингке рұқсат беріп, кейін тыйым салған. Екатеринбург билігі Медведевке қарсы митинг “ресейлік Конституцияға қайшы” деп мәлімдеген.