Наурыз мейрамында еліміздің солтүстік өңірлерінде күн жылынып, қалған аумақтарда жауын-шашын күтіледі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, оңтүстікте күн жылына түседі.
Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде қазіргідей жылы ауа райы сақталады. Ал қалған аумақтарда – еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын күтіледі.
Республикамыздың оңтүстік-шығысында жылы ауа райы сақталады. Түнгі уақытта ауа температурасы 3-8 градус, ал күндіз 13-18 градус жылы болады.