Татарстан Республикасында террористік ұйым қатарына енгізілген “Хизб ут-Тахрирге” қатысы бар деген күдікпен 15 адам ұсталды. Бұл туралы Татарстан ІІД сайтында хабарланды.
Тінту жұмыстары Қазан, Бугульме қалалары мен республиканың тағы бірнеше аудандарында жүргізілген. Рұқсат етілмеген кітаптар, “Хизб-ут-Тахрир” жалауы, террорлық ұйымға тартылғандар тізімі, есеп құжаттары тәркіленді. Татарстан ІІД мәліметі бойынша, тәркіленген материалдар “республикадағы мұсылмандар арасында конституцияға қайшы жұмыс жүргізілгенін” растайды.
Ресейдің Жоғарғы соты “Хизб ут-Тахрирді” террористік ұйым деп таныды.