ҚР Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері алматылық қыздың мақтанып, “сатып алдым” деген жүргізуші куәлігіне қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, скриншот әлеуметтік желілерде пайда болған.
“Маған жүргізуші куәлігін сатып әперді, рақмет, әкетайым”, – деп мақтанған жүргізуші куәлігінің суретін салған қыз.
“Осы дерек бойынша Алматы облысы ІІД тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қыздың мектеп кезінде көлік жүргізуді үйренгенін анықтадық.
2013-2015 жылдары ол емтихан тапсыруға қажетті бағдарламаны меңгерді. Яғни, автомектепте екі жыл оқыды.
Оның емтиханды қалай тапсырғаны қазір тексеріліп жатыр”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz