Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Шымкенттегі атыс: төрт күдіктінің біреуі ұсталды (фото, видео)

Бейсенбіде, 9-наурызда сағат шамамен кешкі 17.00-де кеуде қуысына оқ тиген бала Орынбаев медициналық орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Сонымен қатар, бытыралы оқ тиіп, жарақат алған тағы екі адам ауруханаға түскен. Олар – 1995 және 1999 жылғы. Екеуінің де жарақаты орта деңгейлі. Қайғылы оқиға болған орынды арнайы қызмет қоршауға алған. Оқиға орнында сарапшы криминалистер жұмыс істеді. Қылмыстық тергеуге жедел-тергеу тобы құрылды.

Полиция Шымкенттегі атысқа қатысушылардың бәрін анықтады, күдіктілердің біреуі ұсталды.

 “Төрт күдіктінің біреуі бүгін таңертең көрші Жамбыл облысы аумағында Қордай ауданында ұсталды. Ол 1991 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз, бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Кінәсін толығымен мойындап отыр”, — делінген хабарламада. Өзге де қылмыскерлерді ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Ескерту, видеоны психикасы әлсіз адамдарға көруге болмайды! ОҚО Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің өліміне екі адамның қатысы бар, олар анықталған. Қазіргі уақытта қалған үш күдіктілер іздестіріліп жатыр. Тергеушілер қылмыстың арадағы дүрдараздықтан туындағанын анықтағанын айтып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз