Рио-Де-Жанейро қаласындағы ауруханалардың біріне бетінен оқ жарақатын алған ер адам түскен.
Дәрігерлерге бағынбаған ол ауруханада дәлізінде белі қайқиған күйі арлы-бері ойқастап жүріп алады. Соған қарағанда оның денесіне жансыздандыратын дәрі салып үлгерген секілді. Бірақ ота жасауға ол адам бой бермей жүргенге ұқсайды.
Бұл видео әлеуметтік желіге тарап кеткен. Ал желі қолданушыларының көпшілігі ер адамға жын кірген деп пайымдады. Ал өзгелер ер адамның әзілі осындай орынсыз болғанын айтады. Видеодағы ер адамның аты-жөні әзірге анықталған жоқ.