Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Салық төлейтін кезең басталды”. Ұлттық банк доллардың неге арзандап жатқанын түсіндірді

177

Бірден айтайын, Ұлттық банк соңғы бес айда бағамның қалыптасуына араласпайды. Алайда теңгенің нығаюы сақталып отыр. Бұл тренде уақыт факторына әсер етеді.

Бізде қазір салық апталығы басталды, экспортшылар төлемдер жасайтын кез. Біз қазір көптеген банктердің мұнай долларын сатып жатқанын көріп жүрміз, бұл әдіс қатты айтқанда, экспортшылар салық төлеуге мүмкіндігі болу үшін жасалады.

Бұл фактор теңгені нығаюын үдетеді”, – деді ҚР Ұлттық банктің монетарлық операция департаментінің директоры Әлия Молдабекова.

“Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қолайлы макроэкономикалық жағдайлар аясында қабылданды”, – деп толықтырды Әлия Молдабекова.

Ол сол сияқты базалық мөлшерлеме деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен факторлардың бірі ретінде валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығын атап өтті.

Бүгін, KASE қор биржасының таңғы саудасында Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 314,82 теңгеге тең болды.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 315,50 теңгемен өтті. Минималдық құны 314,29 теңге болса, максималдық құны – 316. Сауданың жалпы көлемі 189,250 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 313,5 – 314 аралығында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз