Беларуське де тықыр таянған сияқты.
Ел Президенті Сочиге кетіп қалыпты. Осы елдегі бірқатар оппозициялық сайттардың хабарлауынша, Лукашенконың елден кетуіне “арамтамақтарға” арналған заң және осы заңға наразылық танытқан толқулар себеп болған.
Аталмыш Заңға сай, соңғы алты ай бойы жұмыссыз жүрген азаматтар мемлекетке 200 доллар салық төлеуі тиіс.
Халықтың бұған өз жауабы бар.
“Елде жұмыс жоқ. Сорақысы, үйде бала бағып отырған әйелдердерге дейін салық төлеуі керек. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған бұдан басқа да топтар көп”, – дейді жұрт.
Осыған байланысты толқулар 17-ақпанда басталған. Салық төлемеген жағдайда, оның үстеме пайызы, яғни, пенясы өсе береді. Беларусь астанасымен қатар, басқа да қалаларда аталған заңға наразылық танытқан жұрт өз пікірін білдіруде.
Ресми дерекке қарағанда,
осы күнге дейін 40 мың “борышкер” салық төлепті. Ал бұл, барлық “борышкерлердің” 10 пайызы ғана.
Ресми билікті жақтайтын сарапшылар Лукашенконың Сочиге Путинмен кездесу үшін кеткенін айтқан. Алайда күні кеше бұл ақпаратты Путиннің баспасөз хатшыс Песков жоққа шығарды.
Сонда қалай, Лукашенко Сочиде не жоғалтты? Бұл оның “төтенше жағдай” кезінде паналайтын мекені болып жүрмесін?..
Дереккөз: mk.ru