Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Путинді лақтырды ма? Мирзёев америкалық бизнесті Өзбекстанға шақырады

Президент Трамп жолдауында «Алдағы жылдары аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық саласында Сізбен бірлесіп жұмыс істейміз деген үміттемін. Құрама Штаттар Өзбекстанның тәуелсіздігін, территориалдық тұтастығын, сонымен бірге Орталық Азияның гүлденуі мен өзара қарым-қатынасына жасап жатқан еңбегіңізді қолдайды» деп атап өткен.

Өзбекстан президентінің ресми сайтында Шавкат Мирзиёевтың республиканың сыртқы саясаттағы негізгі ұстанымдары берік болып қала беретінін, Құрама Штаттармен жан-жақты қарым-қатынастың дамуын қолдайтынын атап өткенін жазады.

Сонымен бірге Өзбекстан президенті Дональд Трампқа жолдаған құттықтауында АҚШ-тың компаниялары мен беделді корпорацияларын ұзақ мерзімге еліне инвестиция жасауға шақырған.

Бүгінде Өзбекстанда АҚШ-тың қатысуымен 164 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде 122-сі бірлескен кәсіпорын және 100 пайыз шетелдік капиталымен 42 компания бар. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналым 453 миллион 800 мың АҚШ доллары болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз