Баяғыда бір патша басқа елді басып алу үшін, сол елдің халқына даңғырлақ музыканы қоя берсеңдер өздері-ақ жынды болып, оларды басып алу оңай болады деп айттыты-мыс деген әңгіме бар.
Сол құбылыс дәл қазір бізде жүріп жатыр біртіндеп. Неге десеңіз ТВ-ны (радионы, интернетті) қоссаңыз музыкалық арнадан көп арна жоқ, басқалары да музыкаға, оның ішінде қазіргі “жұлдыздарға” қарық қылып жатыр. Әншілерге табынатын болдық. Әндердің әуені даңғыр-дұңғыр, сөздері сен үшін өлем-күйем, орындаушылары алабажақ киінген біреулер. Әрине, көпке топырақ шашпаймын, бірақ жалпы құбылыс осы ғой?! Осыдан барып біраз жылдардан кейін басында тек қана даңғырлақ музыка ойнап тұратын (ештеңе ойлай алмайтын) ұрпақ қалады. Басып алу бізді сол кезде оңайдың оңайы болады. ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!
Серікқазы Көкенай
Фейсбук парақшасынан