Қытай көп азық-түлік түрін қолдан жасайды, соның ішінде тауық жұмыртқасын да.
Айта кетелік, Интернетте Қытайда тауық жұмыртқасы қолдан жасалатыны туралы видеоның жүргеніне біраз болды. Өтірік жұмыртқаны шын жұмыртқадан айыру өте қиын. Өйткені сыртқы пішіні де, дәмі де бір-бірінен айырмасы жоқ көрінеді. Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушылары дүр сілкініп, химикатқа уланып жатқанымыз жоқ па деп дабыл қаққан.
Ақыры елді елеңдеткен бұл мәселе министрліктің де құлағына жеткен.
„Еуразия Бірінші арнасына„ берген сұқбатында ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов бұл видеоны ақпараттық „қоқыс„ деп атады.
– Қазақстан Қытайдан жұмыртқа сатып алмайды, сатып алған да емес. Отандық тауар өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын толықтай қанағаттандыруда. Керісінше, Қытай кәсіпкерлері бізден жұмыртқаны көптеп сатып алады. Өйткені біздікі табиғи таза өнім ғой. 2016 жылы Қазақстанның тауар өндірушілері жұмыртқаны Ресейге және тағы басқа елдерге де экспорттай бастады. Осылайша жұмыртқа экспортының көлемі 12,5 есеге өсті, – дейді ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі.
https://www.youtube.com/watch?v=XdvlOP6KVCc