Жеткіншектерді суицидке итермелейтін ойынның құрбандары көбеюде. Петропавлда мектеп оқушысы «Синий кит» ойынын ойнап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
«Біз былтыр бас прокуратура арқылы жастарды суицидке итермелейтін 41 сайтты жауып тастадық. Биыл бес сайттың жұмыс істеуіне тосқауыл қойдық. Мұндай әлеуметтік контенттерді анықтауда еріктілер жұмылдырылды. Қазір арам пиғылды сайттарды анықтауда белсенді жұмыс істеп жатырмыз», — дейді СҚО прокурорының аға көмекшісі Раушан Кожахметова.
Жастарға қауіп төндірген ойынға қарсылық ретінде «Мен өмірді таңдаймын!» акциясы басталып кетті. Барлық мектеп оқушыларын ойыннан сақтандыру шаралары жүргізілуде.