Қытайда 28 жастағы жігіт қуыршақпен некелесіп, үйлену тойын жасады.
Әрине, бұл ақылға сыймайтын дүние. Бір естігенде қандай да бір есерсоқтың еріккен ермегі деп ойлап қаларыңыз анық. Алайда бұл оқиғаның арғы жағында үлкен трагедия жатыр.
Сондықтан ол әлеуметтік желіге о дүниелік болғанша үйлену бақытын сезінгісі келетінін жазады.
Сөйтіп бұл ойын жүзеге асырмақ болып ниеттенгенде тағы ауыр ойлар оны шырмап, әуре-сарсаңға түсіреді. Өйткені ол өзінің сүйіктісінің жесір, ал оның ішінде баласы болса, оның жетім қалғанын қаламайтынын анық сезініп, ақыры бұл күрмеуі қиын жағдайда өзіндік шешім қабылдайды. Иә, үйлену сәтін басынан өткергісі келген жігіт қалыңдықты қуыршақтан таңдайды.
Үйлену тойында барлық салт-дәстүрлер сақталып, ырым-тыйымдар жасалады. Бірақ оған ешқандай қонақ шақырылып, қатыстырылмайды.
Жігіт «қалыңдығын» тойға әзірлеу үшін визажист, шаштараз және фотографтың қызметіне жүгінеді.
Ақыры ол өзінің той суреттерін әлеуметтік желіге жүктеп, барша елге жария етеді.
Тойымен құттықтаған әлеуметтік желідегі қауым жігітке демеу сөздер арнап, ешкімді қинап, қайғыға салғысы келмеген жүрегінің ақтығы мен жұмсақтығына тәнті екендіктерін айтып, көбісі көзіне жас алған.