Соңғы кездері әлеуметтік желіге түрлі тақырыпта пікір айтқан видеоларын жиі салып жүрген белгілі актер Әнуар Нұрпейісов тағы бір сөзімен жұрттың ызасын келтірді. Бұл жолы ол ақымақтық пен ақылдылық туралы айтқан.
Ал оның сондағы біртүрлі ойларын ғаламтор қолданушыларының көбі жақтап отырған жоқ, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Естеріңізге салсақ, Әнуар Нұрпейісов жақынды әлеуметтік желіде тілге қатысты ойын айтып, жұрттың наразылығын тудырған еді.