Донецк қаласына жақын маңдағы Авдеевка өндірістік аумағында дүйсенбі күні таңертең үш украин сарбазы қаза тауып, ондаған жауынгер жараланған. Ресми мәлімет бойынша, бұдан алдыңғы күндері бес сарбаз қаза тапқан.
Бұл ауданда жағдайдың ушығуы жексенбіде басталған. Киев пен “Донецк халық республикасының” өкілдері бір-біріне айып тағып отыр.
Дүйсенбі күні Берлинде Украина президенті Петр Порошенко мен Германия канцлері Ангела Меркель кездесті. Канцлер Донбастағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.