Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

«Ақша «сындырсаңдаршы!». Науқастардан ақша жасауды үйреткен басшы осы екен

Әнуар Аманов деген кісі осы. Желіде енді тараған жазба 2015 жылы №4 ауруханада жасалыпты деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қол астындағы қызметкерлерге мүмкіндігінше науқасқа түрлі анализдерді тағайындауға кеңес беріп жатқан Әнуар Аманов сол кезде басшы болған. Бас дәрігер бір апта ішінде науқастардан түскен ақшаға көңілі толмай, жиналыс ашып қарамағындағыларды сөгіп жатқан сыңайлы. Аманов одан кейін Алматының №7 ауруханасына қызмет ауыстырған. Қазір бұл іс бойынша арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, Әнуар Аманов уақытша қызметінен шеттетілген.

Мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін дәрігерлердің өздері де жасырмай отыр. Денсаулық сақтау саласының білгірлері қазір ауруханалардың мүмкіндігінше науқастан көбірек ақша шығаруды көздейтінін ашық айтты.

Ізбасқан Аймағанбетов, Денсаулық сақтау ісінің үздігі:

– Ауырған адамға пайдасы тиетін дәрілерді жазып беру керек. Сосын оның тағы бір кемшілігі бар. Бұрын дәріхананың барлығы үкіметке қарады ғой, ал қазір барлығы жекеменшік. Сосын кейбір дәрігерлер рецепт жазғанда белгілі дәріханадан сатып ал деп айтады. Сыбайластық жоқ емес, бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз