Биыл Ашхабадта өтетін Азиада-2017 ойындарының символы ретінде түркімен иті – алабай таңдап алынды.
Түркімен ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұлттық қызыл шапан және спорттық киім киген жасыл түсті алабай Азия ойындарының көркін келтіретін болады.
Қысқы Азия ойындарының бойтұмары – көңілді, достыққұмар күшік спортшылардың сүйіктісіне айналады.
Танымал түркімен жылқы баптаушысы Гельди Кяризов Азия ойындарының бойтұмары ретінде алабайды таңдап алғанын құптайды. Оның пікірінше, құлағы мен құйрығы кесілген түркімен алабайы – ежелгі көшпенді мәдениеттің айғағы.