Түркиядағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі мешіт пен монша табылған.
Алдын ала болжамдарға сәйкес, мұсылмандардың қасиетті үйі Сүлейман Шах тұсында, яғни 1380 жылы салынған деп хабарланды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында.
“Бұл мешіт пен хауыз қарапайым сәулет объектілерінің болмағанына қарамастан көптеген азаматтарға қызмет көрсеткен. Мешітке көрші елді-мекендерден көптеген адамдар келіп намаз оқыған”, — дейді Метин Тюрктюзюн.