2016 жылы Жамбыл облысының медициналық мекемелерінде ана өлімі 3 есеге өсті.
Мұндай ақпарат ана мен бала өлімін азайту бойынша штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Қиын жағдайларды сараптау кезінде акушерлікте бала босандыру ұйымдарынының бірінші басшылары тарапынан бақылаудың төмендегені, қиын жағдайды құлақтандыру ережесінің сақталмауы, жағдайды дұрыс бағаламау және басқа да тәртіп бұзушылықтар қиын жағдайға әкеліп соқтырады. Осындай оқиғалар Сарысу, Қордай, Шу аудандарында, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 қалалық ауруханада және Тараздағы облыстық ауруханаларында байқалды», – деп атап өтті Құралай Сарина.
Отырыста аталып өткен бала өліміне тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2016 жылдың 11 айында облыс бойынша тірі туылған 1000 балаға шаққанда 8,8 пайызды, ал 2015 жылы – 10,6 пайызды құраған. Яғни, 17 пайызға төмендеу байқалады. Бала өлімінің көрсеткіші бойынша Жамбыл өңірі ҚР тізімінде 7-орынды алып, республикалық көрсеткіштен 0,3 пайызға жоғары (ҚР – 8,5 пайыз, Жамбыл облысы – 8,8 пайыз).