Редакцияға: 28 желтоқсанда Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлерінің, сонымен қатар қордың басқарма төрағасының ұсталғаны; 29 желтоқсанда “Бузгул Аурум” ЖШС-ың басшылығына қатысты дәл осындай шешім қабылданғаны белгілі болды.
365info мақалалардан кейін құқық қорғау органдары осындай шешім қабылдады. Мақалада біз Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының “Бузгул Аурум” ЖШС-ына қарасты тәуекелі көп акцияларды 5 млрд. теңгеге сатып алғанын жазғанбыз.
Мақала жарық көргесін Ұлттық банкке хат жібердік. Әлі жауап жоқ. Есесіне “Бузгул Аурум” ЖШС-ының директоры Найзағарин сотқа берем деп қорқытты.
“2 күн беремін. Кешірім сұрап, жазғандарыңды жоққа шығарыңдар” деді ол. Айтуынша, ақша ұрланбаған.
Бірақ, үлгермеді. Тексеру жүргізген органдар біздің шындықты жазғанымызға көз жеткізді де Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қоры мен “Бузгул Аурум” ЖШС-ының басшылығын қамауға алды,
Алда біраз уақытқа созылатын тергеп-тексеру жұмыстары күтіп тұр.
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорын Ұлттық банк бақылайды. Демек, даудың көкесі әлі алда. Міне, бір апта болды Данияр Ақышев үнсіз. Бірақ, оған бәрібір де осы дауға қатысты пікір білдіруге туралы келеді. Күтейік.