АҚШ президенті қызметін аяқтайтын Барак Обаманың пікірінше, Конституция үшінші мәрте президенттікке таласуға мүмкіндік беретін болса, ол республикалық партия үміткері Дональд Трампты сөзсіз жеңер еді. Бұл туралы ол CNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Хиллари Клинтон сайлау қарсаңындағы науқанын кезінде тым абай болуға тырысты, өйткені ол жеңіске жеттім деп ойлады. “Сол себепті ол өзінің күн тәртібіндегі мәселелерге назар аударуды қойып, қарсыласының мәлімдемелері мен әрекеттерін сынаумен болды”, – деді Обама.
Клинтон штабы президенттің ескертулеріне пікір білдірмеді, ал Трамп “Твиттер” арқылы Обаманың қателесетінін жазды. “Жұмыссыздық артып, оның медициналық сақтандыру реформасына қарсы шығушылар көбейгенде, діни экстремизм жайлағанда” жеңіске жетер едім деу – ақымақтық, деді Трамп.
Президент болып сайланған Дональд Трамп қызметіне қаңтарда кіріседі.