Депутаттық этика жөніндегі кеңес бар екен Қазақстанда. Сол кеңесте кеше мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің ісі қаралыпты.

Мұхтар Тінікеев. Фото caravan.kz
«Мен кешірім сұраймын. Әлгі оқиға жұмыс уақытында емес, демалыс күні болса да, мен «Нұр-Отан» партиясының мүшесі ретінде бәрібір жауаптымын»,
дегендей болды ол.
Депутаттық өкілетінен бас тарту туралы арыз беріпті. Этика жөніндегі кеңес бұл шешімді құп алыпты.